Елімізде баспана жалдау құны шарықтап барады. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы баға 25 пайызға аспандады дейді. Ермек Мүсіреповтың айтуынша, бұған ресейліктердің елімізге көптеп келуі себеп. Жалдау ақысының қымбаттағаны әсіресе Астана, Алматы секілді ірі қалалар мен облыс орталықтарында байқалады. Мәселен Алматыда 1 бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа ақысы 230 мың теңге. Елордада сәл арзанырақ. Сарапшының сөзінше, негізі алдағы […]