Қазақстан ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша биыл сәуір айында тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша 52 520 мәміле тіркелген. Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 22,5%-ке төмен. Өткен айда Қарағанды облысында үйлер ең көп сатып алыныпты. Осы аймақта 8 898 келісімшарт жасалған. Одан кейін Алматы, сосын Нұр-Сұлтанда. Ал Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 958 мәміле тіркелген. […]