Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспана неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірді. Айтуларынша, бұған логистиканың қымбаттауы, арзан жұмыс күшінің жетіспеуі мен доллар және құрылыс материалдары бағасының көтерілуі әсер еткен. Мәселен, жыл басынан бері керамикалық кірпіш 33, цемент 27, металл шатыр – 15, мыс кабелі 11 пайызға қымбаттаған. Министрліктің хабарлауынша, қазір материалдардың бағасына күнделікті бақылау жүргізіледі. Және құнды […]