Елімізде баспана саудасы күрт төмендеп кетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазанда 34 мың жылжымайтын мүлік сатылған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға төмен. Үй саудасының азаюына зейнетақы жинағындағы жеткілікті шек мөлшерінің көтерілуі, шаршы метр құнының қымбаттауы және арзан ипотекалық бағдарламалардың жоқтығы себеп дейді сарапшылар.