Бәйдібек ауданында мал ауруына қарсы вакцинация жүргізілді

Бәйдібек ауданында төрт-түлікті аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан бойынша бүгінде 18 347 бас ірі қара мен 224 560 бас ұсақ мал сырғаланып, ауылшаруашылық дерекқор базасына енгізілген.   Ірі қарасына екпесін ектіріп, жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында қан сынамасын алғызып, сырғалатып, ветеринарлық қызметті жүйелі алып отырған шаруагер Занилабдин Мырзатаев мал шаруашылығына жаңадан ден қойған азамат. Зейнеткерлік жасқа жеткен соң, үйде қарап жатпай, мал шаруашылығын дамыту мақсатында екеуден, үшеуден ірі қара алып, мал басын бүгінде төлдерімен қосқанда 20 басқа жеткізіп отыр Занилабдин Мырзатаев-шаруа - Малдың амандығы, жанымыздың саулығы екені рас. Бағып отырған ірі қара малдарға уақытылы екпесін егіп, жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында қан сынамаларын алғызып отырамын. Ірі бастарын сырғалап қойғанмын, енді төлдерін сырғалаттым. Аудандық ветеринарлық қызметтің ветеринар мамандарымен жиі-жиі хабарласып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап тұрамын. Бәйдібек ауданы мал шаруашылығына бейім аймақ болғандықтан, ең өзекті мәселенің бірі – малдың саулығы. Осы орайда, ауданда  малдарға екпе салу, қан алу және сырғалау қызметтері бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.  Жыл басынан бері бәйдібектік 100-ден аса  ветериан 165 мыңға жуық ірі қараға аусыл, сібір жарасы, күл, оба, эктима, туберкулез сынды 16 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы  екпе салды.  1 милионнан аса ұсақ малды кенеге қарсы егіп, шет аймақтардан әкелінген төрт түлікті тексеру жұмыстарын күшейтті. Ауданда барлығы 450566 бас уақ  41057  бас ірі мал толықтай тексеруден өткізіліп, вакцинация жұмыстары жүргізілді.Аса қауіпті болып саналатын – бруцеллез ауруын анықтау мақсатында, серологиялық тексеру әдісімен аудан бойынша 41 мыңнан аса ірі қара мен 450 мың уақ малдардан қан сынамалары алынып, тексерілді. Ауданда барлығы мал тоғытатын 37 орын, ірі қараны ұрықтандыратын 36 бекет, 1 ветеринарлық клиника мен сібір жарасының 61 ошағы бар. Сондай-ақ, мал өлексесін тастау үшін 48 шұңқыр дайындалған. Алайда қазір олардың 20-дан астамы толып, қабырғасы мен беткі бетондары құлаған.     

Читать источник turkistan.tv
Қаңғыбас ит қауіп тудырады
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды