Наурыз – үлкен сауаптарға кенелетін, адамдардың дертіне шипа, жанына дауа тілейтін айы. Бәйдібек ауданындағы орталық аурухананың ұжымы бүгін зағип жандардың көңілдеріне шуақ сеуіп, жандарын жадыратты. Мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шарада сөз алған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлдария Әбілдәбекқызы жаңа жылдық тілегін жеткізіп, әрдайым көмек қолын созып, қайырымдылық жасап отыру парызы екендігін жеткізді. Ауданның қариялары да тілекке қосылып, батасын берді. Айта кетсем, ауданда жалпы 60-қа жуық зағип жандар бар екен.