Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров байлық және сән-салтанат салығын салу тәртібін түсіндірді. Ондай салық яхталарға, жеке ұшақтарға және жылжымайтын мүлікке салынады. «Оның жиынтық құны 130 мың айлық есептік көрсеткіш (2023 жылда – 448,5 миллион теңге) шегінен асқан жағдайда салықтың жоғары мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады. Бұдан басқа, қымбат жылжымайтын мүлік объектілері үшін «сән-салтанат коэффициентін» белгілеу бойынша жергілікті […]