Шымкенттегі Байтұрсынов көшесі қаланың негізгі артерияларының бірі десек қателеспейміз. Мұнда қоғамдық көлік көп қатынайды. Есесіне кептеліс те жиі орын алады. Жүргізушілер мен жолаушылар, әсіресе, «Студенттер» аялдамасының жоғарғы жағында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағынан пайда болатын кептеліс әбігерге салып отырғанын ашына айтуда. Оқу жылы басталғалы Байтұрсынов көшесімен қатынайтын көлік жүргізушілері мен жолаушыларды мына жаяу жүргіншілер жолағынан өту […]