Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. «Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады», – делінген хабарламада. Ұлттық банктің мәліметінше, қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан әлдеқайда асып түскен. […]