Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі. Мұндай шешім инфляцияның Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес келуіне байланысты қабылданған. «Айлық инфляция біртіндеп баяулап келеді, бірақ ол өзінің орташа жылдық мәндерінен жоғары күйінде қалып отыр. Инфляциялық тәуекелдер балансы проинфляциялық күйін сақтап […]