Елде базалық зейнетақы мөлшерін арттырып, оны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделіп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарай, бұл 2025 жылы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға көбейтуге мүмкіндік береді. Демек, 3 жыл ішінде 109 мың теңгеден 138 мың теңгеге дейін өседі. Өзгеріс Әлеуметтік кодекс жобасы арқылы жүзеге асады.