Жастайынан еңбекке араласып, қартайғанында зейнеткерлікке шыққан азаматтар өздерін қоғамнан шет қалғандай сезінетіндері бар. Ардагерлер үйі сынды демалыс орындары бар болғанымен, үшінші мегаполиске аздық ететінін анық. Зейнеткерлер қала әкімдігіне ардагерлерге арналған арнайы орталықтар ашса деген өтініштерін жеткізген болатын. бүгінде қазыналы қарттарымызға да барынша жағдай жасалуда. Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар. […]