Түркістан облысы құрылған 5 жыл ішінде аймақтағы медицина саласы қарыштап дамыды. Атап айтсақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы 58 пайызға жеткен. 1250 дана реанимациялық жабдық, 103 дана - ана мен бала денсаулығын сақтауға арналған құрылғы сатып алынған. Ал операция жасауға арналған техника қатары 64 данаға толықты. Диагностикалау мен зертханалауға арналған 36 дана жабдық алынды. Бұл өз кезегінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына оң әсерін тигізді.