Елімізде 5600-ге жуық азамат банкрот деп танылды. Мұны Үкімет басшысының орынбасары, әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламенттік тыңдауда айтты. Жалпы, жеке тұлғаларды банкрот деп тану бойынша осы жылдың 3 наурызынан бастап 68 мыңнан астам өтініш түскен. Келіп түскен өтініштердің 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен […]