Шымкенттегі саябақтар мен демалыс орындары тағы бір гүлзармен толықты. Демеушілер қаржысына шаһар қақпасынан «BIG Tulip» аллеясы ашылды. Қала күні қарсаңында пайдалануға беріліп отырған демалыс орнын арна тілшісі көріп қайтты. Кезінде аялдама болған бұл маңай небәрі жарты айдың ішінде желегі жайқалған, саялы мекенге айналды. 10 мың шаршы метрден асатын аумаққа заманауи жарықтандыру шамдары, тербелмелі орындықтар мен […]