Үшінші мегаполистегі сыртқы жарнамалар стандартқа сай емес. Енді бұрынғы жарнамалық құрылым жаңарып, қаладағы LED экран саны көбейеді. Нұрбол Жүнісбеков, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы: «Өздеріңізге белгілі, біздің сыртқы жарнама көп жағдайда талапқа сәйкес емес. Ол бойынша да тиісті компаниялармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өйткені қала дамып, барлығы цифрлық ақпаратқа өтіп жатыр. […]