Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған. Сондықтан күдіктілер Салтанатты алдымен фитнеске, содан кейін үйіне барғандай көрсеткен. Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі мен оның туысына қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова осылай деді. Прокурордың сөзінше, сотталушылар Нүкенованың өлгенін біле тұра, оның телефонын ары-бері жүргендей етіп, көрсеткісі келген. Сонымен қатар, Байжанов мүсәтір спиртін Нүкенованың есін жидыру үшін әкелген жоқ, айғақтар жою үшін, VIP бөлмеде әр жерге жағылған қанды, саусақ іздерін сүрту үшін әкелген деп санайды.