Түркістан облысында жыл басынан бері жасы 50-ден асқан 1200 адам “Күміс жас” жобасы арқылы жұмыспен қамтылды. Қатысушылардың басым бөлігі Жетісай, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби аудандары және Түркістан қаласында тіркелген. Жалпы биыл өңірде 1656 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Айта кетейік, аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында іске қосылған еді. Биылдан […]