Биыл елімізде сыйымдылығы 104 мың тонна болатын 26 жаңа көкөніс қоймасы салынады. Ал 2026 жылға дейін тағы 35 заманауи нысан ашылады. Қазір шаруашылықтарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр. Сала мамандарының айтуынша, соңғы уақытта көкөніс өнімділігі артып отыр. Осыған байланысты қолданыстағы сақтау инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту қажет. Бұл өз кезегінде азық-түлік белдеуін құруға септігін тигізеді. […]