1 қыркүйек – Білім күніне орай барлық білім нысанында салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Бұл күні мектептерде бірінші сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, осы арқылы ізгі тілектерін білдірді. Ал Шымкентте 27 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа қадам басты. Балаларға мейірімін төгіп, жылы сөздерімен еркелетіп сабақ үйретіп жатқан Айжан Торбаеваға қарап, бүлдіршіндерді бұрыннан таниды дерсің. […]