Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды. «Жыл басынан Қазақстанға оралған қандастардың жартысы (50%) – Өзбекстаннан, 16,3% […]