Жыл басынан бері еліміздің кәсіпорындарында 134 адам қаза тапты. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға төмен. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі зардап шеккендердің салғырттығынан туындайды екен. Нақтырақ айтсақ, өндіріс пен жұмыстарды жеткілікті түрде ұйымдастырмау, еңбек қауіпсіздігін сақтамау сынды. Сондай ақ, жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан да оқыс оқиғалар жиі ұшырасатын көрінеді. Ал ең көп жарақат алатын өңірлер тізімінде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары көш басында. Тізімдік қатарында Қостанай, Ақтөбе және Павлодар облысы мен Алматы қаласы да бар. ТӨЛЕГЕН ОСПАНҚҰЛОВ – ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ - 2022 жылдың басынан бастап еңбек инспекциясының көмегімен қызметкерлерге жалақы бойынша шамамен 4,1 млрд теңге берешек төленді. Сол арқылы 16 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтары қорғалды. 3/12 Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақсыны арттыру бойынша жұмыс берушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде, 1,9 жұмыс беруші 5-50 пайызға дейін жұмыс берушінің жалақысын көтерді.