Көктемгі әскерге шақыру науқанында Түркістан облысынан 310 азамат әскерге жіберілді. Бұған дейін 31 азамат Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жолданса, енді 50-ге жуық әскерге шақырылушы Қонаев қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің десанттық шабуылдау бригадасына аттануға дайын. Сонымен қатар, Кентау қаласында орналасқан облыстық жинақтау пунктінде арнайы комиссия мүшелері сарбаздармен кездесіп, жағдайларымен танысты. Олар әскерге шақырылушыларға […]