Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл республикалық бюджеттен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлді. Жеңілдетілген кредитті фермерлер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы рәсімдей алады. «Аграрлық несие корпорациясына» қаржы 70 млрд теңгеден екі траншпен жіберілетін болады. Бірінші транш қазір аударылды, екінші транш ақпан айында аударылады. Қаржыландыру бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне тікелей кредит беру, […]