Шымкентте 18 «Жайлы мектеп» салынады. Ол үшін бюджеттен 33 млрд. теңге бөлінген. Қазір құрылысқа қажетті материалдарды таңдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондықтан кәсіпкерлік палатасында бизнес иелері мен жауапты мамандар бас қосып, отандық өнімдердің таныстырылымы өтті. Шымкентте 2025 жылға дейін 18 жайлы мектеп бой көтереді. Оның 12-сінің құрылысы биыл басталады деп жоспарланған. Ал шарт бойынша заман талабына […]