Шымкентте «Солтүстік саяжай» шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда сығымдау процесі жүріп жатыр. Осыған орай қала басшысы Мұрат Әйтенов құрылыс басына арнайы барып, жұмыс барысын тексерді. Жуырда мұнда абоненттік газ реттегіш шкаф пунктері орнатылады. Құрылыс толық аяқталса, 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады. Шағынауданды газдандыру жұмысы қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.