Түркістан облысында төрт ауданның әкімі сайланады. Бұл туралы сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясында айтылды. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды хабарлап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтарына тоқталды. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, […]