Биыл құқық бұзушылыққа бейім 413 кәмелетке толмаған бала мен бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 266 отбасы полицияның есебіне алынды. Олар тәртіп сақшыларының ұдайы ұйымдастырған рейдтері барысында анықталды. Сонымен қатар, ата-ана бақылауынсыз жүрген 44 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Оған қоса тексеріс барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 157 жеткіншектің ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. […]