Шымкенттік балалар ауруханасында биылдан бастап өз асханасы құрылды. Бұған дейін бүлдіршіндерді тамақтандыру ісіне аутсорсингтік компания жауап беріп келген. Мамандар мұның кішкентай науқастар үшін тиімді екенін айтады. Қалалық балалар клиникалық ауруханасынды қазір 407 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Соның бірі 7 жасар бүлдіршін. Ол жол апатына түсіп, миға қан құйылу салдарынан жансақтау бөлімінен бір ақ шыққан. […]