Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы өскенін мәлімдеді. Бүгін үкіметте төрт айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің орындалу шаралары қаралды. Ұлттық банктің мәліметі бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысы 1 триллион теңгеге артты. «Сәуірдің соңында БЖЗҚ-ның активтері 15,7 триллион теңгені құрады. Осылайша, жыл басынан бері қор қаржысы 1 триллион […]