Зейнетақы жинағы арқылы тұрғын үй алуға және емделуге 1,7 млн-ға жуық өтініш орындалды. 1 жыл 4 ай ішінде салымшылардың арнайы шотына 3,1 трлн теңге аударылды. Өтініштердің ең көбін – Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау облысының тұрғындары жолдаған. Салымшылардың дені қаржысын тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Оған жалпы соманың 64,4% немесе 2 трлн теңге кеткен. […]