Шымкент қаласының білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Білім саласы тәуекелдер картасындағы 11 бөлімнің біріне жатады дейді мамандар. Қаланың бас ұстазы білім саласының қызметкерлерін тексеру, ондаңы заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне бірнеше рет өзі хат жолдапты. Нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. […]