Білім сапасын көтеру аса маңызды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға қатысты жаңа жобаларды енгізуді тапсырды. Осы бағытта өңір басшысына «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасын таныстырылды. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған жаңа жүйе арқылы 37 пән бойынша 25 мыңға жуық сабақ, 3 мыңнан аса интерактивті сабақ, мыңнан аса ғылыми фильм және 70 мыңнан аса ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларынан тұратын білім беру ресурстарын оқу процесінде қолдануға болады. Платформада мектеп пен мұғалімдердің рейтингі шығарылады. Оған облыстағы мектептер тегін қосылуы мүмкін. Облыс әкіміне білім мекемелеріне енгізілетін бухгалтерия бағдарламасы да таныстырылды. Пилоттық жоба Астана қаласы мен Павлодар облысында енгізілген. Жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. Бухгалтерияны, кадрларды, есепке алу мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыру және қаржыны тиімді пайдалануды арттыруға жағдай жасайды. жобалармен танысқан облыс басшысы егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін ғана нақты шешімді қабылдауға болады-деді. ДАРХАН САТЫБАЛДЫ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ – Білім сапасын көтеру – ең үлкен мақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтеміз. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруде мұғалімнің рөлі зор. Біліктілікті арттыру арқылы білім сапасын көтеруге болады. Біздің облыста бала саны да, мектеп саны да көп. Сіздердің мақсаттарыңыз түсінікті. Бірақ бұл жобаларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Нақты шешімді содан кейін ғана қабылдауға болады.