Білім беру ұйымдары «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасына қосылуы мүмкін

Білім сапасын көтеру аса маңызды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы салаға қатысты жаңа жобаларды енгізуді тапсырды. Осы бағытта  өңір басшысына «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасын таныстырылды. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған жаңа жүйе арқылы 37 пән бойынша 25 мыңға жуық сабақ, 3 мыңнан аса интерактивті сабақ, мыңнан аса ғылыми фильм және 70 мыңнан аса ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларынан тұратын білім беру ресурстарын оқу процесінде қолдануға болады. Платформада мектеп пен мұғалімдердің рейтингі шығарылады. Оған облыстағы мектептер тегін қосылуы мүмкін. Облыс әкіміне білім мекемелеріне енгізілетін бухгалтерия бағдарламасы да таныстырылды. Пилоттық жоба Астана қаласы мен Павлодар облысында енгізілген. Жаңа жүйені енгізудегі мақсат – көпшілік үшін білім саласындағы қаржыландырудың ашықтығын және тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету. Бухгалтерияны, кадрларды, есепке алу мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыру және қаржыны тиімді пайдалануды арттыруға жағдай жасайды. жобалармен танысқан облыс басшысы  егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін ғана нақты шешімді қабылдауға болады-деді. ДАРХАН САТЫБАЛДЫ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ – Білім сапасын көтеру – ең үлкен мақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтеміз. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруде мұғалімнің рөлі зор. Біліктілікті арттыру арқылы білім сапасын көтеруге болады. Біздің облыста бала саны да, мектеп саны да көп. Сіздердің мақсаттарыңыз түсінікті. Бірақ бұл жобаларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Нақты шешімді содан кейін ғана қабылдауға болады.  

Читать источник turkistan.tv
Биыл су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды