Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу»кезеңі тікелей эфирде өтті. Ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қолға алған бастама өз нәтижесін беруде. Қатысушылар мен оқырмандар арасында түсінбеушілік жойылып, конкурс ашық түрде қортындыланды. 4 сағатқа жуық жалғасқан конкурсты әлеуметтік желіде тамашалаған оқырмандар қатары жағымды пікір қалдырып, әріптестеріне сәттілік тілеген. […]