Сайрам ауданына қарасты Көлтөбе ауылындағы №96 мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Себебі мердігер мекеме оқу ордасын жылумен қамтитын қазандықтың құрылысын бастап, белгіленген уақытқа дейін оны аяқтамаған. Яғни білім ошағы биыл жылусыз қалатын сыңайлы. Айта кетерлігі, білім ошағында шешілмеген проблема жалғыз бұл ғана емес. Қисық-қисық еден, қабырға бояуларының өткір иісі №96 мектептегі түйткілді мәселенің […]