Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан облысында білім ұяларының саны өткен жылмен салыстырғанда 32 мектепке артып, 983-ке жетті. Оның ішінде 75-і – жекеменшік мектептер. Оқушы саны артып, 514 мыңнан асты. Орта білім саласындағы өзекті мәселер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалық етуімен өткен жиналыста талқыланды.  Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының баяндауынша, халық саны жағынан тығыз орналасқан Түркістан облысында білім саласының деңгейін көтеруде мамандар жеткіліксіз. Өңірде педагогтар саны – 67 333, білім алушылар саны – 540 609, жалпы мемлекеттік білім беру ұйымдарының саны – 1376, білім саласына қатысты мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы - 106. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы бойынша облыстағы 824 мемлекеттік негізгі және орта білім беру ұйымдарын 3 мыңнан астам физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жоспарланған. Апатты және үш ауысымды мектептерді азайту үшін жұмыстар күшейтілген. Мемлекет басшысының 2022-2025 жыл аралығында 1000 мектеп салу бағдарламасы бойынша апатты жағдайдағы үш мектеп анықталып, құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жыл аралығында Түркістан облысында 60-тан астам заманауи мектеп салынады. Жайлы мектептер барлық аудан, қалаларда бой көтереді. Облыстағы 52 колледжде 37 мыңға жуық бала білім алады. Дуальды оқумен қамтылған колледждер саны – 35. Биылғы оқу жылына кадрларды даярлауға 71 мамандық бойынша 17 000 орынға мемлекеттік грант бөлінді. Колледждерді қамқорлыққа алу жөнінде 29 колледж 53 кәсіпорынмен меморандум түзді. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» ҰКП, кәсіпкерлік және білім бөлімдерінің мамандарын тарта отырып, аудандарда ауылшаруашылық колледждерінің базасында жастарды қолдау орталықтары (ЖҚО) ашылмақ. Осы арқылы Түркістан облысының ауыл жастарын NEET санатынан шығару қарастырылуда.  

Читать источник turkistan.tv
Құрылыс министрі тасқыннан бүлінген үйлерді сапалы салуды тапсырды
Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді
Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Бас прокурордың наразылығымен Жоғарғы сот шенеунікті ақтап шықты
«Суперқаһарман». Мәжіліс депутаты Астананың ең биік нүктесін бағындырды
Жарма ауданы тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысып жатыр
Браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді
Алматыда бірнеше пәтерді тонаған әккі ұрылар ұсталды
Абай облысы Үржар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда
Браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіленді
ОҚИҒАЛАР АЯҚТАЛДЫ. КЕЙІПКЕРЛЕР КЕЛЕ ЖАТЫР... БҰЛ МҮМКІН БЕ?
Салық төлеушілерге барлық жағдай жасалған
Астанада фельдшердің тамағына пышақ тақаған ер адам қамауға алынды
Елімізде алғаш рет төрт жылдан бері азық түлік тауарларының бағасы түсті
Кісі өлтірген қазақстандық 27 жылдан кейін Бельгияда ұсталды (ВИДЕО)
Түркістандық оқушы еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинады
Полицейлер жоғалған 10 айлық сәбиді бір сағатта ата-анасымен қауыштырды
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 115 мың адамға қызмет көрсетілді
Павлодар облысында саңырауқұлақ пен жидек теруге тыйым салынды
Рудный қаласында кезекте тұрған 21 отбасы үйлі болды
Мемлекеттік бағдарламадан ұрланған 105 млн теңгеге қымбат үйлер алған шенеунік сотталды
Вейпке тыйым, шомылу маусымы мен кәсіби мерекелер: маусым айында Қазақстанда не өзгереді?
«Желіде бүлік шығарып жүргені аздай...»: Танымал журналист Алланы «Аллаһ» деген министрді сынады (ФОТО)
Қарағанды облысында әкімдіктің бұрынғы есепшісі сотталды