Жоғалғандардың барлығы 15 және 16 жастағы жасөспірімдер. Олардың ата-аналары балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, қайта оралмағаны туралы полицияға хабарлады. Тәртіп сақшылары өтпелі кезеңдегі екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақыт ішінде аман-есен үйіне жеткізді. Мектеп оқушыларының бірі жай көшеде жүрсе, енді бірі жолдастарының үйінде қонақта болған. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлық көрсетуіне үлкендердің бақылауынан құтылып, […]