Денсаулық сақтау министрлігі босандыру ұйымдарының 84 нысанының 82-сінде тексеру жұмыстарын аяқтады. Олардың қатарында 35 перинаталдық орталық пен 47 босандыру бөлімі бар. Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін, инфекцияларды уақтылы анықтауды және инфекциялық бақылау қызметтерінің жұмысын бағалады. Сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізілді. Бұл құжаттаманы ғана емес, […]