Түркістан облысында қойшы өзгенің 140 қойын ұрлап, сатып жіберген. Анықталғандай, қойшы қойларды таныстарына 35 мың теңгеден сатқан. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары ұрланған малды күдіктіден тәркілеп алған. Құқық қорғау органдары келтірілген залалды 7 миллион теңгеге бағалап отыр. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мұхтар Ордабай, Отырар АПБ тергеушісі: «Күдіктіні полиция […]