Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, белгісіз біреу есепшотындағы 700 000 теңге ақшасын аударып алған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді. Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Төлеби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер тыңғылықты тексеріп, куәлардан […]