Жаңа оқу жылының басталуына екі апта қалды. Ата-ана оқушы балаларымен базар кезіп, мектеп формасын, оқу құралдарын алып әлек. Мен Шымкенттегі базарлардың біріне барып, бағаны байқап, жұртпен тілдесіп қайттым. Базар іші баласын ерткен ата-анаға толы. Олардың бірі – Әбдірасиловтер отбасы мектеп жасындағы балаларына оқу құралы мен киім-кешек алуға Ордабасы ауданының Бөген ауылынан Шымкентке келіпті. Отанасы Гүлнұр […]