Бір жолаушы аш қалса, 600 мың теңге айыппұл арқалайсың! «Qazaq Air» авиакомпаниясына арызданған жолаушы соттан жеңіп шықты. «Ақтөбе-Астана» бағытындағы рейс 4 сағат 40 минитқа кешіккен. Сол күні рейстің кешіккені туралы алдын ала хабарлама беріліп, тамақ пен сусын таратылатыны туралы айтылған. Бірақ, жолаушы тамақтана алмаған. Себебі, ол кезде акционерлік коғаммен келісімшартқа отырған дәмхана жабық болған екен. […]