Түркістан облысының полицейлеріне Қызылордалық тұрғын шынайы ризашылығын жеткізіп, алғыс бейнежазбасын жолдады.Мұнда әйел: «Мен Түркістан қаласына жеке жұмыстарыммен барып, қала ішінде белгісіз таксиге отырдым, діттеген жеріме келген соң түсіп қалдым. Арадан бірнеше минут өткенде көлік ішінде 1 миллион теңге ақшасы бар кіші қол сөмкемді ұмытып кеткенімді байқадым. Бірден түскен жеріме қайта келгеніммен, ол көлікті таппай қалдым. […]