Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлеріне 4,6 млрд. теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында: «Еліміздің барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге кемінде 1,5 млн. теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету көзделген», – деп жазылған. Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан және ҰОС кезеңінде […]