Қалалық жинақ пунктінің алаңында ҚР Қарулы Күштері қатарына бірінші команданы салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери сала ардагерлері, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты. Жаңадан Отан қорғаушылар атанғадар үшін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов сөз сөйледі. […]