Қадір түні – мұсылмандар үшін маңызды әрі қасиетті кезеңдердің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түніне белгіледі. Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды. «Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін […]