Балабақшада бүлдіршінді ұрып-соғып, тіпті аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды. Ол «тәрбиелеу мекемесі жұмыскерiнің кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту» бабы бойынша айыпталған еді. Сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденсе де, тәрбиеші мен жәбірленуші тараптың татуласуына байланысты оған ешқандай шара көрілмейді. Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі: «Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің […]