Мегаполистің Абай ауданының учаскелік инспекторлары ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды. – Бас бостандығынан айыру орындарынан босағандардың көпшілігі жұмысқа орналасуды қажет етеді. Оларға көмектесу мақсатында біз жұмыспен қамту мамандарын шақырдық. Кездесу бос орындар жәрмеңкесі форматында өтті. Пробациялық бақылаудағы тұрғындарға бар бос жұмыс орындарын қарастыру ұсынылды. Нәтижесінде 5 есептегі тұлға енді абаттандыру және техникалық […]