Бұрынғы вице-министр ұсталды: үйлер, учаскелер мен қымбат көліктер тәркіленді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазбалар кен орындарын берудің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталды. Бұрын жүргізілген барлау фактісі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған. Лауазымды тұлғалармен үлестес кәсіпкерлер қол қою бонусының ең төменгі құны үшін нарыққа қатысушылардың бәсекелестік, қолжетімділік және тең құқықтылық қағидаттарын бұза отырып, өндіруге дайын кен орындарын алған, - делінген Антикор таратқан хабарламада. Кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет ондаған миллиард теңге алмаған. 7 қарашасында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т. Тоқтабаев ұсталды. Тергеу соттың санкциясымен Т. Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының (элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8) қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталды және тәркіленді, - делінген хабарламада. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды